Шортанды ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № С-25/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 сәуірде № 4111 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № С-11/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 21.12.2016 № С-11/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шортанды ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
сессия төрайымы
А.Фурта
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Г.Скирда

      КЕЛІСІЛДІ
      Шортанды ауданының әкімі Г.Сәдуақасова

  Шортанды аудандық мәслихатының
2014 жылғы 14 наурыздағы № С-25/3
шешімімен бекітілген

Шортанды ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шортанды ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Шортанды ауданының ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
      2. Шортанды ауданының ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.
      Шортанды ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық "Өрлеу" және "Вести" газеттері арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді кенттің және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
      7. Бөлек жиынды кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
      Кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын кенттің және ауылдық округтің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй сайлаушыларының жалпы санының 1 % мөлшерінде бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады