"Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеме ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № а-9/541 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 1 қазанда № 4378 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № а-4/159 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 22.04.2016 № а-4/159 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 42 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 20) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы 18 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылысын және қоса беріліп отырылған ережесі бекітілсін.
      2. Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу жүргізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсiн.
      4. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т.Ташмағамбетов

  Бурабай ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 28 тамыздағы
№ а-9/541 қаулысымен
бекітілген

"Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тұрғын үй қоры аясында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021700, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 32.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – коммунального государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Бурабайского района".
      10. Осы Ереже "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
      12. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй саласында мемлекеттік бақылау функцияларын орындау болып табылады.
      14. Міндеттері:
      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
      2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.
      15. Функциялары:
      1) кондоминиум объектісінде және үйлер аралығындағы аумақтарда үй-жайлар (пәтерлер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылау;
      2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйлерге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына мемлекеттік бақылау;
      3) кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оның күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстардың уақытылы орындалуына мемлекеттік бақылау;
      4) тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға мемлекеттік бақылау;
      5) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға мемлекеттік бақылау;
      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау.
      Коммуналдық мемлекеттік мекеме тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды), үйлер іргесіндегі аумақтарды күтіп-ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды), үйлер іргесіндегі аумақтарды пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді.
      Тұрғын үй инспекциясы тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты күтіп-ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан өзге де ұйымдардан өз құзырына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды басқа да мәселелер бойынша материалдарды белгіленген тәртіппен сұрауға және алуға;
      2) лауазымды тұлға тексеруді жүргізу уақытында қызметтік куәлікті көрсетіп тексерілетін объектіге барады;
      3) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеруге қатысты құжаттардың түпнұсқасымен танысуға;
      4) заңмен белгіленген тәртіптер уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооперативтік басқармасының төрағасы лауазымына кандидатура ұсынуға;
      5) тексеруді қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізуге;
      6) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
      7) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
      8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау тәртібінің бұзушылықтары туралы актілер жасауға;
      9) мемлекеттік мекеменің қызмет саласына қатысты мәселелері бойынша тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өткізетін іс-шараларына қатысуға;
      10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығаруға;
      11) қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға;
      12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бақылау және тексеру жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуге;
      13) тұрғын үй қорын және үйлер іргесіндегі аумақтарды күтіп-ұстау және пайдалану, тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетуді бақылау жөніндегі іс-шараларды өткізу нәтижесінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтарды жіберген тұлғаларды қолданысты заңнамаға сәйкес жауапқа тартуға;
      14) басқа да міндеттерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға.

3. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      17. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесініңне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) сенімхатсыз "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне атынан әрекет ете алады;
      2) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
      3) шарттар жасайды;
      4) сенімхат береді;
      5) іс-сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлердің қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында және басқа да біліктілігін арттыру түрлері бойынша "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жоспарлары мен тәртібін бекітеді;
      6) банкте есеп шоттар ашады;
      7) барлық қызметкерлерге міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
      8) "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      9) "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу және тәртіптік жаза беру шараларын қолданады;
      10) "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды.
      "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі

      20. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Бурабай ауданының тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады