Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізімін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 299 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 қыркүйекте № 4035 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 «Жергілікті маңызы бар шаруашылығы су тоғандарының тізімін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3254 тіркелген және «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2008 жылғы 10 маусымдағы санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасындағы:
      «Су тоғандар:» деген кесте мына мазмұндағы 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16,17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32 тармақтармен толықтырылсын:

10

«Үлкен Ақай»

Алға ауданы

11

«Кіші Ақай»

Алға ауданы

12

«Жасыл Гай»

Мәртөк ауданы

13

«Жоса»

Мәртөк ауданы

14

«Бөгет № 1»

Мәртөк ауданы

15

«Бөгет № 2»

Мәртөк ауданы

16

«Қаратау-1»

Мәртөк ауданы

17

«Қаратау-2»

Мәртөк ауданы

18

«Қарашай»

Мәртөк ауданы

19

«Жаңа»

Мәртөк ауданы

20

«Казанка-1»

Мәртөк ауданы

21

«Казанка-2»

Мәртөк ауданы

22

«Куб»

Ойыл ауданы

23

«Беляевская»

Ақтөбе қаласы

24

«Үлкен плотина»

Қобда ауданы

25

«Птичник»

Қобда ауданы

26

«Талдысай»

Қобда ауданы

27

«Чапаев»

Қарғалы ауданы

28

«БАМ»

Қарғалы ауданы

29

«Алимбетов»

Қарғалы ауданы

30

«Бурановск карьері»

Қарғалы ауданы

31

«Чугаевск карьері»

Қарғалы ауданы

32

«Айнақарасу»

Мұғалжар ауданы

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Облыс әкімі                               А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады