Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы № 148 "Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін Ақтөбе облысының коммуналдық мүлкін жалдау төлемінің есептік ставкаларын анықтау Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3918 болып тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2014 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
Жоғарыда аталған қаулымен бекітілген мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін Ақтөбе облысының коммуналдық мүлкін жалдау төлемінің есептік ставкаларын анықтау қағидаларында:
3 тармақта, кестеде 2 жол мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын: "білім мекемелерінің барлық инженерлік-техникалық коммуникациялары бар объектілер үшін; қандай да бір коммуникациялар болмаған жағдайда әр түрі үшін 0,1 кемиді 1,0";
4 жолда "білім мекемелеріндегі буфет пен асханалар 1,0" деген азат жолдағы "1,0" деген сандар "0,5" деген сандарға ауыстырылсын.
2. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |