Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 345 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 16 шілдеде № 9589 тіркелді

      Жеке басты анықтау бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      «Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7029 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 27 тамыздағы № 272-274 (26693-26695) болып жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу ережесінде:
      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Жедел-криминалистикалық бөліністер мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының есептері бойынша адамның жеке басы анықталмаған жағдайда, дактилоскопиялық карталар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығы арқылы Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі Бас ақпараттық-аналитикалық орталығының базасында жұмыс істейтін Мемлекетаралық ақпараттық банкінің есептері бойынша тексеру үшін жолданады».
      2) «Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7417 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 19 мамырдағы № 144-145 (26963-26964) болып жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидаларында:
      25-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жедел-криминалистикалық бөліністер мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының есептері бойынша адамның жеке басы анықталмаған жағдайда, дактилоскопиялық карталар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығы арқылы Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі Бас ақпараттық-аналитикалық орталығының базасында жұмыс істейтін Мемлекетаралық ақпараттық банкінің есептері бойынша тексеру үшін жолданады».
      3. Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
      осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын;
      осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
      Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Министр
      полиция генерал-лейтенант

Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады