Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 483 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 қыркүйекте № 9723 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 26-бабының 12-тармағына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы 39-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін жоғары әскери білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы – Қазақстан Республикасы ІІМ комитеті (Р.Ф. Жақсылықов) заңда белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген соң күнтізбелік он күн ішінде мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы – Қазақстан Республикасы ІІМ комитетінің төрағасына (Р.Ф. Жақсылықов) жүктелсін.
      4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 620 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 24 қаңтарда №8300 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылғы 16 ақпандағы №59-60 (27333-27334) санында жарияланған).
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      ____________ А. Сәрінжіпов
      2014 жылғы «__» _______


Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 30 шілдедегі
№ 483 бұйрығымен
бекітілген





Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін жоғары әскери білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін жоғары әскери білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары әскери оқу орындарына қабылдау тәртібін айқындайды.
      2. Жоғары әскери оқу орындарына «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабында көрсетілген адамдар қабылданады.
      3. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының білім беру басқармаларымен (бөлімдерімен) бірлесіп, ішкі істер органдарының департаменттері (басқармалары, бөлімдері), Ұлттық ұлан әскери бөлімдері (бұдан әрі – әскери бөлімдер) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша мамандықтар тізбесі және қабылдау жоспары негізінде кәсіби бейімдеу жұмысын жүргізеді және:
      1) ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі - КТ);
      2) ішкі істер органдары департаменттерінің, Ұлттық ұланның медициналық тексеру нәтижелері бойынша оқу істерін ресімдей отырып, оқуға түсетін адамдардың тізімдерін жасайды.
 

2. Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау үшін құжаттарды ұсыну тәртібі

      4. Әскери қызметшілер қатарынан оқуға түсетін адамдар оқуға түсетін жылдың 1 маусымына дейін әскери атағын, тегін, аты-жөнін, туған күнін, атқаратын лауазымын, білім деңгейін, әскери оқу орнының және ол бойынша оқуға ниет білдірген мамандықтың атауын көрсете отырып, командирдің (бастықтың) атына баянатпен өтініш жасайды.
      Әскери бөлімнің командирі (бастығы) оқуға түсетін адамның баянаты негізінде оған оқу демалысы есебінен осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесінде әскери қызметшілер үшін көрсетілген құжаттарды жинау және КТ-ны тапсыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
      5. Әскери қызметте тұрмайтын азаматтар және тәрбиеленушілер қатарынан оқуға түсетін адамдар оқуға түсетін жылдың 25 шілдесіне дейін осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесінде әскери қызметте тұрмаған азаматтар үшін көрсетілген құжаттарды тіркей отырып, тегін, аты-жөнін, туған күнін, білім деңгейін, әскери оқу орнының және ол бойынша оқуға ниет білдірген мамандықтың атауын көрсете отырып, жергілікті ішкі істер органдарына немесе әскери бөлімдерге өтініш жасайды.
 

3. Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі

      6. Жоғары әскери оқу орындарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүргізеді.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының Кадр және әскери білім басқармасы (бұдан әрі - КжӘББ) жыл сайын оқуға түсетін жылдың 20 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен қабылдау және апелляциялық комиссиялардың құрамдарын, олардың міндеттерін, қабылдау комиссиясының жұмыс жоспарын, сондай-ақ білім беру саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шекті деңгейден төмен емес ҰБТ және КТ шекті балын бекітеді.
      Бұл ретте, шекті балл туралы ақпарат жергілікті ішкі істер органдарына және әскери бөлімдерге оқуға түсу жылының 20 мамырына дейін жолданады.
      Қабылдау комиссиясының төрағасы болып жоғары әскери оқу орнының бастығы немесе әскери оқу орындарына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің комитеті құрылымдық бөлінісінің өкілі тағайындалады.
      Қабылдау комиссиясының құрамына міндетті түрде тәрбие және кадр құрылымының, заң және медицина қызметтерінің өкілдері, әскери психолог кіреді. Қазақстан Республикасы
      Жергілікті атқару органдарымен келісу бойынша қабылдау комиссиясының құрамына облыстық және аудандық мәслихаттардан, ардагерлер ұйымдарынан өкілдер енгізіледі.
      Қабылдау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол үшін қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы санынан басым дауыс берілсе, қабылданған болып есептеледі. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
      7. Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау оқуға түсетін жылдың 1-25 тамызы аралығында ҰБТ немесе КТ сертификаты балдарын, сондай-ақ медициналық, дене шынықтыру, психикалық-физиологиялық көрсеткіштері бойынша деректерді ескере отырып, конкурстық негізде жүргізіледі.
      Қабылдау комиссиясының отырыстары бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі, хаттамамен ресімделеді.
      8. Апелляциялық комиссия бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету, даулы мәселелерді шешу мақсатында құрылады және қабылдау комиссиясының жұмысы кезеңінде әрекет етеді.
      Аппеляцияға өтінімдерді аппеляциялық комиссиясы төрағасының атына медициналық бақылау нәтижелері, психофизиологиялық, дене шынықтыру даярлығы қорытындысы жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін оқуға түсуші жеке өзі береді.
      Апелляцияның мәні бойынша хаттамамен ресімделген шешім өтініш келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік бір күн ішінде шығарылады.
      9. Қабылдау комиссиясының қорытынды отырысында оқуға түсетін адамға оқуға қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім жарияланады.
      10. Қабылдау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнамалық деректерін көрсете отырып, мамандықтар бойынша оқуға түскені туралы қабылдау комиссиясының хаттамасы жасалады, ол 1 қыркүйекке дейін КжӘББ ұсынылады.
      11. Егер шетел мемлекетінің жоғары әскери оқу орнына оқуға қабылдау шарттары осы Қағидада көрсетілген оқуға қабылдау шарттарынан ерекшеленсе, конкурстық іріктеу тараптардың халықаралық келісімдері және/немесе оқуға шақыру негізінде өткізіледі.
      12. Қабылдаушы тарап конкурс бойынша өткен оқуға түскен адаммен әңгімелесу және/немесе қабылдаушы тараптың талаптарына сәйкестігіне емтихандар өткізеді. Әңгімелесу және/немесе емтихандар нәтижелері оқуға қабылдау кезінде шешуші болып табылады.
      13. Жоғары әскери оқу орнының бастығы білім беру қызметтерін көрсетуге шарт, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 777 қаулысымен бекітілген үлгі нысан бойынша әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды және оқуға түскен адамды жоғары әскери оқу орнының тізімдеріне енгізу туралы бұйрық шығарады.
      14. Шетел мемлекетінің жоғары әскери оқу орнына түскен адамдарға шетел мемлекеті жоғары әскери оқу орны бастығының қарамағына жіберу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің комитеті төрағасының бұйрығы болып табылады. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшартты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитетінің төрағасы жасайды.
      Оқуға қабылдау туралы бұйрықты шетел мемлекеті жоғары әскери оқу орнының бастығы шығарады.
      15. Жоғары әскери оқу оры оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде әскери бөлімдерге қабылдау туралы бұйрықтан үзінділерді жолдайды.
      Бұйрықтан үзінді оқуға қабылданған әскери қызметшілерді әскери бөлімдердің тізімдерінен алу үшін негіздеме болып табылады.
 
 


Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланы үшін кадрлар
даярлауды жүзеге асыратын
жоғары әскери оқу орындарына
қабылдау қағидасына
1-қосымша






      Мамандықтар тізбесі және қабылдау жоспары

р/с

Жоғары әскери оқу орындарының/
мамандықтың атауы

Қабылдау жоспары

ҰБТ немесе КТ таңдау бойынша бейіндік пән

барлығы

оның ішінде


ҚР ҰҰ үшін

шет елдері


1

2

3

4

5

6

7

8

9

Жиыны










   
 


Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланы үшін кадрлар
даярлауды жүзеге асыратын
жоғары әскери оқу орындарына
қабылдау қағидасына
2-қосымша






Кандидаттардың жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін ұсынатын құжаттарының тізбесі

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) Қазақстан Республикасы шетелдік паспортының көшірмесі (шетел мемлекеттерінің әскери оқу орындарына түсетін кандидаттар үшін);
      3) білімі туралы құжаттың көшірмесі (оқуға түсетін жылы орта оқу орнын бітіретін кандидаттар үшін үлгерім табелі);
      4) ҰБТ немесе КТ сертификатының көшірмесі ( сертификатты алған соң 3 жұмыс күні ішінде) ;
      5) көлемі 4,5х6 сантиметр алты фотосурет;
      6) өмірбаян (терілген және өз қолымен жазылған);
      7) әскери қызмет (жұмыс) немесе оқу орнынан ұйым (әскери бөлім, мекеме) жетекшісі (командир, бастық) қол қойған, оқуға жіберудің мақсатқа сай екендігі туралы қорытынды қоса берілген мінездеме;
      8) нысанын, нөмірі мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік құпияларға рұқсат туралы мәліметтер;
      9) қызметтік карточка (әскери қызметшілер үшін);
      10) медициналық тексеру картасы және әскери-дәрігерлік комиссияның белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы медициналық куәландыру қорытындысы;
      11) психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық және туберкулез диспансерлерінен анықтамалар;
      12) мерзімі 1 айдан аспайтын АИТВ анықтамалар (әскери оқу орнына келген кезде ұсынылады);
      13) неке (некені бұзу) туралы, балалардың тууы туралы куәліктің көшірмесі (болған кезде);
      14) жеңілдіктерге, басымдықтарға құқық беретін құжаттардың көшірмелері;
      15) Нотариалды куәландырылған құжаттар:
      кандидаттың заңды өкілдерінің әскери қызмет өткеру туралы
      келісімшарт жасауға келісімі (әскери оқу мекемесіне қабылдау кезінде он сегіз жасқа толмаған кандидаттар үшін);
      кандидаттың Қазақстан Республикасынан тыс шығуына кандидаттың
      заңды өкілдерінің келісімі (шетелдік әскери оқу орындарына түсетін және қабылдау кезінде он сегіз жасқа толмаған кандидаттар үшін).
      Жеке басын куәландыратын (жеке куәлік, паспорт), білімі туралы құжаттардың, әскери билеттің (тіркеу куәлігі), әскери оқу орнына қабылдау құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын, ҰБТ немесе КТ сертификатын оқуға түсетін адамдар қабылдау комиссиясына келгеннен кейін ұсынады.
 
 


Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланы үшін кадрлар
даярлауды жүзеге асыратын
жоғары әскери оқу орындарына
қабылдау қағидасына
3-қосымша






Қабылдау комиссиясының мамандықтар бойынша оқуға қабылдау туралы хаттамасы

      _____________________________ 20 __ жылғы «___» __________________
      (толтыру орны) (толтырылған күні)
      Қабылдау комиссиясы өз отырысында мынадай шешім қабылдады:
 
 

р/с №

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Басым құқығы

Бірдей көрсеткіштер болған жағдайдағы басым құқығы

Денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы

Кәсіби жарамдылық тобы

Дене дайындығы

Аттестаттың орташа балы

ҰБТ немесе КТ нәтижелері

Қазақ (орыс) тілі

Қазақстан тарихы

Математика

4-пән

Жалпы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15


      кестенің жалғасы
 
 

Туған күні, айы, жылы

Ұлты

Білімі

Оқу тілі

ҚІД/мекеме

Отбасы жағдайы

Дауыс беру нәтижелері

Комиссия шешімі

иә

қарсы

қалыс қалды


16

17

18

19

20

21

22

23

24

25


      Комиссия төрағасы:_________________________________________________________
      Комиссия мүшелері: ________________________________________________________
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады