Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 550 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 қыркүйекте № 9758 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2024 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер минисстрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б. Бердалин):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. "Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 185 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 28 сәуірде № 7604 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 154-156 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б. Бердалин) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2014 жылғы 22 тамыздағы
  № 550 бұйрығымен
  бекітілген

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидалары

Жалпы ережелер

      1. Осы Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) сотталғандардың қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан әрі - ҚАЖ) бір мекемесінен басқа мекемеге орнын ауыстыру тәртібін белгілейді.

      2. Сотталғанның орнын ауыстыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) жазбаша нұсқауы (наряды) негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабы 4-бөлігінің 1), 4) тармақшаларына сәйкес ауыстыру қажет болған жағдайда ҚАЖ комитетінің нұсқауы (наряды) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (бұдан әрі - ҚАЖД) жазаны өтеу орны бойынша аудандық не оған теңестірілген прокурордың қорытындыларының негізінде бөлінеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2024 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Орнын ауыстыру қорытындысында мынадай мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жері және күні, сотталғанға дейінгі тұрған жері, азаматтығы, қашан, қай сот, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қандай баптары бойынша және қандай жаза тағайындалғаны, жаза мерзімінің басталуы мен аяқталуы, түрмеге қамау мерзімінің басталуы мен аяқталуы (ол тағайындалған жағдайда), сотталған ұсталатын мекеменің нөмірі мен режим түрі, нөмірі мен қол қойылған күні көрсетіле отырып қандай нарядтың негізінде және қашан келді, осы мекемеге келгенге дейін жазаны өтеу орны (жеке ісі бойынша қозғалысы), сотталғанды қай мекемеге ауыстыру және ауыстыру үшін негіздеме қамтылуы тиіс.

      Қорытындыға мінездеме, көтермелеулер және жазалаулар туралы анықтама, сотталғанның басқа мекемеге ауыстыруға жазбаша өтініші қоса беріледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2024 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. ҚАЖ комитетінің нұсқаулары (нарядтары) бойынша жазаны өтеу үшін жіберілген немесе ауыстырылған сотталғандар осы түрдегі басқа мекемелерге ҚАЖ комитетінің рұқсатынсыз одан әрі ауыстырылмайды.

      5. Сотталғандардың орнын ауыстыру кезінде оларды мекеме (жіберуші орган) киіммен, маусымдық аяқ киіммен, сондай-ақ сотталғандарға белгіленген норма бойынша "Сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 575 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33086 болып тіркелген), "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 5 маусымдағы № 448 бұйрықтарына сәйкес жол жүруінің барлық кезеңіне азық-түлікпен қамтамасыз етеді.

      Егер сотталған адамды ауыстыру тергеу изоляторларының транзиттік-өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылған жағдайда, сотталғандарды жіберуші орган келесі транзиттік-өткізу пунктіне дейін немесе межелі пунктіне дейін азық-түлікпен қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2020 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Р Ішкі істер министрінің 10.01.2024 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      6. Сотталғандардың орнын ауыстыруы бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      7. Мекеменің уәкілетті лауазымды адамдары сотталғандарды бір мекемеден басқа мекемеге ауыстыру кезінде құпиялық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

      8. Толық қауіпсіздік мекемесін жазаны өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін сотталған мекемеде құқықтық тәртіпті сақтау қажеттілігіне байланысты оның орын ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ол келген қауіпсіздігі аралас мекемелерге бекіту бойынша режимнің тиісті түрі бар мекемеге ауыстырылады.

      9. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар бір мекемеден басқа мекемеге айдауылмен айдауылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады