Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 қаңтарда № 33898 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер және толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2024 жылғы 10 қаңтардағы
№ 13 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 550 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9758 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сотталғанның орнын ауыстыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) жазбаша нұсқауы (наряды) негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабы 4-бөлігінің 1), 4) тармақшаларына сәйкес ауыстыру қажет болған жағдайда ҚАЖ комитетінің нұсқауы (наряды) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (бұдан әрі - ҚАЖД) жазаны өтеу орны бойынша аудандық не оған теңестірілген прокурордың қорытындыларының негізінде бөлінеді.";

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орнын ауыстыру қорытындысында мынадай мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жері және күні, сотталғанға дейінгі тұрған жері, азаматтығы, қашан, қай сот, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қандай баптары бойынша және қандай жаза тағайындалғаны, жаза мерзімінің басталуы мен аяқталуы, түрмеге қамау мерзімінің басталуы мен аяқталуы (ол тағайындалған жағдайда), сотталған ұсталатын мекеменің нөмірі мен режим түрі, нөмірі мен қол қойылған күні көрсетіле отырып қандай нарядтың негізінде және қашан келді, осы мекемеге келгенге дейін жазаны өтеу орны (жеке ісі бойынша қозғалысы), сотталғанды қай мекемеге ауыстыру және ауыстыру үшін негіздеме қамтылуы тиіс.";

      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сотталғандардың орнын ауыстыру кезінде оларды мекеме (жіберуші орган) киіммен, маусымдық аяқ киіммен, сондай-ақ сотталғандарға белгіленген норма бойынша "Сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 575 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33086 болып тіркелген), "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 5 маусымдағы № 448 бұйрықтарына сәйкес жол жүруінің барлық кезеңіне азық-түлікпен қамтамасыз етеді.".

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14918 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларында:

      4-тарау мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1.Өтелмеген талап-арыздары бар сотталған адам босатылғанға дейін бір ай бұрын мекеме әкімшілігі азаматтық талапкерді жаза мерзімін өтеуі бойынша оны босату туралы, ал басқа негіздер бойынша босатылған кезде - сот шешім қабылдағаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді"

      Мекеменің әкімшілігі өтелмеген талап-арыздары бар сотталғанның жаза мерзімін өтеуіне байланысты босатылуына бір ай қалғанда, ал өзге негіздермен босатылғанда – сот шешімді қабылдағаннан кейін екі жұмыс күннен кешіктірмей бұл жөнінде азаматтық талапкерді хабардар етеді.".

      3. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 247 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20200 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларында:

      16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Пробация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы №482 бұйрығымен бекітілген Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32806 болып тіркелген) сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмекті іске асыру.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады