"Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 882 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 желтоқсанда № 33758 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларында:

      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізуді;";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өндірілетін өнімді, жұмысты және қызметті өндірістік бақылауды "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32276 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 62 бұйрық).

      9. Микроклиматты және жарықты физикалық өлшеу № 62 бұйрықтың және "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) талаптарына сәйкес бөлмелердің микроклиматын сипаттайтын оңтайлы және рұқсат етілген нормаларға сәйкес мекеменің өндірістік зертханасы немесе өзге аккредитацияланған зертхана жүргізеді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Судың сапасын өндірістік зертханалық қадағалауды аккредитацияланған зертхана "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31934 болып тіркелген) талаптарына сәйкес көрсеткіштерді анықтау және сынамаларды алу арқылы жүргізеді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Тағамның үлес нормасын бөлу "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 488 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын талаптар "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28925 болып тіркелген).

      5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу.";

      32, 33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. ҚАЖ мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылаудың ұйымдастырылуын және жүргізілуін қадағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

      33. ҚАЖ мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау:

      1) "Жіті ішек инфекцияларының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 қазандағы № ҚР ДСМ-111 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30078 болып тіркелген);

      2) "Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22869 болып тіркелген);

      3) "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген);

      4) "Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27348 болып тіркелген);

      5) "Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30928 болып тіркелген);

      6) "Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22157 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      34. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруды аумақтық ҚАЖ департаменттерінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобының санитариялық дәрігерлері жүзеге асырады.";

      36-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 150 бұйрығының талаптарына сәйкес жоспарлы профилактикалық егу жүргізуді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33463 болып тіркелген);";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Инфекциялық ауруларды анықтаған кезде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Мекемелерде аса қауіпті инфекциялық аурулар кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25151 болып тіркелген).";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Паразиттік аурулар кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар "Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығының талапарына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28086 болып тіркелген).";

      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу талаптары ""Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген).";

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады