"Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 ақпанда № 26815 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16, 117-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларында:

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау- санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің бұзылуының алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған қызметі, сондай-ақ сотталғандар мен тергеу-қамауындағылардың денсаулығын, тіршілік ету ортасын, өнімдердің, процестер мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында олардың сақталуын бақылау және қадағалау;";

      36-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) декреттелген топ адамдарын профилактикалық және кезеңдік медициналық тексеру мен зертханалық зерттеу "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) бұйрығымен белгiленген тәртіпте жүргізуді;

      "59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Медициналық бөлім бастығы әрбір инфекциялық аурудың пайда болған жағдайы туралы аумақтық ҚАЖ департаменттерінің медициналық қызметін бір уақытта хабардар ете отырып, мекеме бастығына баяндайды. Аумақтық ҚАЖ департаменттерінің медициналық қызметі үш сағат ішінде ҚАЖ комитетінің медициналық қызметіне баяндайды.

      Инфекциялық аурудың, астан уланудың, профилактикалық егуге өзгеше реакция берудің әрбір жағдайында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамалық нысандарын бекіту бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) № 034/е нысанға сәйкес хабарлама жасалады, оны он екі сағаттың ішінде СЭҚБ-ге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне жолдайды. Хабарламаның уақтылығына медициналық бөлім бастығы жауапты.

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Карантин мынадай іс-шараларды:

      1) толық оқшаулау, мекемелерге кіруге және одан шығуға тыйым салуды, мекемелер ішінде адамдардың қозғалысын;

      2) динамикалық бақылауды;

      3) туысқандарымен кездесулерді тоқтатуды көздейді.

      Бұл ретте пайдаланылмаған кездесулер карантин аяқталғаннан кейін "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен беріледі.

      Мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтау жүк алаңдары арқылы жүзеге асырылады. Мекемелердің ішінде сотталғандарды бір-бірінен барынша оқшаулауды және жеткізу пункттері арқылы тамақтандыруды ұйымдастыра отырып, жасақтар бойынша байланысын үзу жүргізіледі.

      Карантин тиісті өңірдің аумағында инфекциялық ауру туындаған жағдайларда да белгіленеді.

      Мекемеде карантин шарттарын орындауды қамтамасыз ету үшін қызмет атқару күшейтілген нұсқа бойынша ұйымдастырылады.

      Карантин СЭҚБ ұсынымы бойынша:

      жұқпалы ауру пайда болған кезде мекеме аумағында - ҚАЖ департаментінің бұйрығымен;

      тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында карантин және/немесе эпидемияға қарсы шектеу шараларын енгізу кезінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мекемелерінде - ҚАЖ комитетінің бұйрығымен;

      республика аумағында карантин және/немесе эпидемияға қарсы шектеу шараларын енгізу кезінде республиканың барлық мекемелерінде - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен айқындалады.

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Карантиндік және аса қауіпті инфекциялық аурумен сырқаттану немесе оған күдікті адам анықталған кезде медициналық бөлім, медициналық пункт дереу телефон арқылы және үш сағат ішінде СЭҚБ-ге, ҚАЖ комитетіне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелеріне № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 034/е нысаны бойынша хабарлама жолдайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
2021 жылғы " "___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады