Ведомстволық және жедел есептерді құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 577 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 қазанда № 9786 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Ұсынылған Ведомстволық және жедел есептерді құру, пайдалану және жетілдіру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-
аналитикалық орталығы (Р.Н. Закаргаева) заңмен белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспаларда және «Әділет» ақпараттық-кұқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ.Демеуовке және Қазақстан Республикасы ІІМ Ақпараттық-аналитикалық орталығына (Р.Н.Закаргаева) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                     Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 577 бұйрығымен  
бекітілген      

Ведомстволық және жедел есептерді құру, пайдалану және
жетілдіру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ведомстволық және жедел есептерді құру, пайдалану және
жетілдіру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және ведомстволық және жедел есептерді (бұдан әрі - есептер) құру, пайдалану және жетілдіру тәртібін айқындайды.
      2. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана
отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
      2) ведомстволық есеп - ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) ішкі ведомстволық қызметін камтамасыз ету үшін адамдар, заттар және оқиғалар туралы мәліметтерді жинау, тіркеу, өңдеу, жинақтау, жүйелеу, саралау және сақтау;
      3) есепке алу құжаты - оның негізінде картотека және (немесе)
ақпараттық деректер базасы қалыптастырылатын қағаз, электрондық және
(немесе) баска да материалдық ақпарат тасымалдаушы;
      4) жедел есеп - есеп субъектілерін жедел-іздестіру қызметін камтамасыз етуге арналған адамдар, заттар және оқиғалар туралы мәліметтерді олардың криминалдық белгілері бойынша жинау, тіркеу, өңдеу, жинақтау, жүйелеу, саралау және сақтау.
      3. Есептер олардың мақсатты бағыты, есепке алынатын объектілердің түрлері және есептерді ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша жіктеледі.
      4. Оны пайдалану қылмыстардың алдын алуға, тергеуге, ашуға және адамдарды іздестіруге, сондай-ақ ІІО-ға жүктелген баска да міндеттерді орындауға ықпал ететін жеке ақпараттарды меңгерген адамдар, фактілер (оқиғалар), заттар, субъективті портреттер есеп объектілері болып табылады.
      5. Есептер орталықтандыру деңгейіне карай өңірлік және орталық болып бөлінеді.
      Орталықтандырылған есептерді қалыптастыруды Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) жүзеге асырады. Өңірлік есептерді жүргізуді аумақтық ІІО жүзеге асырады.
      6. Есептін нысандары бойынша оларды жинақтаудың мынадай түрлеріне бөлінеді: картотекалар, журналдар, электронды ақпараттық ресурстар.

2. Ведомстволық және жедел есептерді құру, пайдалану
және жетілдіру тәртібі

      7. Есептерді құру мақсаты ІІО бөліністерінің оларға жүктелген функцияларды орындау кезіндегі қажеттілігін камтамасыз ету болып табылады.
      8. Құру (қалыптастыру) есептің объектілері туралы ақпараттарды жүйелендіру және жинақтау жөніндегі қызметті қамтиды.
      9. Есептер:
      1) есептерді функционалдық (жедел, жедел-анықтамалық,
криминалистикалық, іздестіру, тіркеу есептері) және объективті (адамдарды есепке алу, қылмыстарды (құқық бұзушылықтар) есепке алу, заттарды есепке алу) белгілері бойынша жіктеу;
      2) есепке кою, түзету және есептен алу негізі және мерзімдері;
      3) есептерде сақталатын және өңделетін ақпараттардың құпиялық деңгейі;
      4) есепке кою, түзету және есептен алу үшін есепке алу құжаттарын толтыратын құрылымдық бөлініс;
      5) есепке қоюды, түзетуді және есептен алуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлініс;
      6) құзыретіне ақпараттық жүйелерді техникалық сүйемелдеу және әкімдендіру кіретін құрылымдық бөлініс;
      7) есептерді қалыптастыру деңгейі - өңірлік және/немесе орталықтандырылып;
      8) есептерді қалыптастыру түрлері - картотекалық, журналдық, ақпараттық жүйе;
      9) картотекаларды және/немесе ақпараттық жүйелерді қалыптастыру кезіндегі есепке алу құжаттарының, журналдардың түрі (нысаны);
      10) салыстыра тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімдері;
      11) карточкаларды, журналдарды, электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау мерзімдері;
      12) ақпараттарды картотекаға, ақпараттық жүйеге енгізу кезінде ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талап.
      10. Есептерді пайдалану есеп объектілері және тексеру объектілері туралы ақпараттардың тексеру және нәтижелерін салыстыру жөніндегі іс-шаралар кешенінен тұрады.
      11. Есептерді пайдалану:
      1) есептерді қалыптастыруды жүзеге асыратын ІІО құрылымдық бөлінісіне жазбаша сұрау салу жіберу;
      2) қолданушылардың аутентификация құралдарын немесе біріктіру механизмдерін пайдалана отырып, ақпараттық жүйелерге рұқсат беру арқылы жүзеге асырылады.
      12. Есептерді қалыптастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөліністер сәйкестіктерді алған кезде:
      1) есепке кою бастамашыларын - есепке алу объектілерін тексеру кезінде;
      2) сұрау салу бастамашысына - жазбаша сұрау салулар өңдеу кезінде жазбаша хабарлайды.
      13. Есептегі мәліметтерді есептерді қалыптастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөліністерге беруге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес сұрау салуды бастамашылардың пайдалануына жатады.
      14. Есептерді жетілдіру мақсаты оларды қалыптастыру процесіноңтайландыру болып табылады және есепке алу құжаттарының деректемелікқұрамына, анықтамалықтарға және біріктіру процестеріне (ақпараттықжүйелер), сондай-ақ осы Қағидаларының 9-тармақта санамаланғанпараметрлерге өзгерістер енгізу (косу/алып тастау) арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады