"Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 767 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 қарашада № 9867 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2020 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 60-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6175 болып тіркелген, Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында № 13 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарда:

      1-тармақтың 1) тармақшасының он төртінші абзацы алынып тасталсын;

      1-тармақтың 2) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының жедел ден қою, айдауылдау қызметкерлері";

      1-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) IV баған:

      кадр, штаб бөліністерінің қызметкерлері;

      екінші арнайы бөліністердің, арнайы тасымалдау бөліністерінің қызметкерлері;

      мемлекеттік тіл және ақпарат, хатшылық, заң, баспасөз қызметтері бөліністерінің қызметкерлері;

      мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлері (жедел ден қою, айдауылдау қызметкерлерінен басқа);

      барлық атаудағы техниктер.

      2. Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (А.І. Балтағұлов) белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (А.І. Балтағұлов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

      2014 жылғы 8 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады