Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 478 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 тамызда № 17280 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _______________ Ж. Қасымбек

      2018 жыл 28 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Алматы қаласының әкімі

      _______________ Б. Байбек

      2018 жыл "____"___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Алматы қаласының әкімінің

      міндетін атқарушы

      _______________ С. Мәкежанов

      2018 жыл 17 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астана қаласының әкімі

      _______________ Ә. Исекешев

      2018 жыл "____"___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астана қаласының әкімінің

      міндетін атқарушы

      _______________ А. Әмрин

      2018 жыл 23 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарағанды облысының әкімі

      _______________ Е. Қошанов

      2018 жыл 20 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Павлодар облысының әкімі

      _______________ Б. Бақауов

      2018 жыл 5 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі

      _______________ Д. Ахметов

      2018 жыл 12 шілде

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 26 маусымдағы
№ 478 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұрықтарының тізбесі

      1. "Қалалық рельсті көлікте өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуді және өрттердің салдарын жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 910 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10155 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 ақпанда жарияланған).

      2. "Теміржол, әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу және өрт салдарын жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 911 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10154 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 ақпанда жарияланған).

      3. "Мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 875 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12349 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған).

      4. "Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 889 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12398 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 сәуірде жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 909 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12855 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 20 қаңтарда жарияланған).

      6. "Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу және өрт салдарын жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 910 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушыныз 2017 жылғы 21 тамыздағы № 576 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15930 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 31 қазанда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады