Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің 05.01.2015 № 01 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының орынбасарының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 5-2/289 ұсынысының негізінде Қурайлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Қурайлы ауылдық округінің Россовхоз ауылының аумағында ірі және ұсақ мүйізді малдарының арасында жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2.
Осы шешімнің орындалуын бақылау «Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімінің орынбасары Сугурбаев А.Қ. жүктелсін.
3.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қурайлы ауылдық округінің әкімі |
М.Ш.Тұрмағамбетова |