Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 тамыздағы № 174 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 тамызда № 4006 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 290 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 14.01.2016 № 290 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Өрт немесе табиғи зілзаланың кесірінен болған өмірлік қиын жағдаймен байланысты әлеуметтік көмектің шекті мөлшері қосымшаға, сәйкес бекітілсін.
      2. Ай сайын:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мұгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу үшін сегіз мың теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілсін;
      2) "Әйтеке би аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімдерге сәйкес ұйден оқытылатын және тәрбиеленетін мұгедек балаларға үш мың теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 12.05.2015 № 236 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының
      төрағасы, мәслихат хатшысы: А.Ермағамбет

  Әйтеке би аудандық мәслихатының
2014 жылғы 8 тамызындағы № 174 шешіміне қосымша

Мүқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

      Өрт немесе табиғи зілзаланың салдарынан болған өмірлік қиын жағдайлар туындағанда немесе залал келтірілгендерге әлеуметтік көмек келесі санаттағы адамдарға көрсетіледі:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне шекті деңгейінде 150,0 мың теңге;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдарға шекті деңгейінде 100,0 мың теңге;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға шекті деңгейінде 100,0 мың теңге;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардан басқа санаттарына шекті деңгейінде 80,0 мың теңге;
      зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға шекті деңгейінде 60,0 мың теңге;
      мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға шекті деңгейінде 60,0 мың теңге;
      саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға шекті деңгейінде 50,0 мың теңге;
      көп балалы отбасыларға шекті деңгейінде 60,0 мың теңге;
      жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне шекті деңгейінде 60,0 мың теңге;
      аз қамтылған адамдарға шекті деңгейінде 60,0 мың теңге;
      онкологиялық аурулары бар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын азаматтарға шекті деңгейінде 80,0 мың теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады