Әйтеке би ауданы Әйке селолық округі әкімінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 8 "Шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 25 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 желтоқсанда № 4088 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 12.05.2015 № 4 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 165-V "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Әйке ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Әйке ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 8 "Шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3646 санымен тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйегінде аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      " Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ірі қара малдары арасында жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Әйке ауылдық округінің Тереңсай ауылы аумағында шектеу іс шаралары белгіленсін";
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" сөздері тисінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әйке ауылдық округі әкімі Н. Алипбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады