Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясының 2015 жылғы 06 мамырдағы № 7-11/51 ұсынысы негізінде, Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Әйке селолық округі әкімінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 8 "Шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3646 санымен тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйегінде аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған), "Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 8 "Шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4088 санымен тіркелген, 2015 жылғы 05 ақпанында аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Әйке ауылдық округі әкімі: Н. Алипбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады