Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 13.11.2014 № 25 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" сөздері тисінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 13.11.2014 № 25 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 15 тамыздағы № 118 ұсынысы негізінде Әйке ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдары арасында жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Әйке ауылдық округінің Тереңсай ауылы аумағында шектеу іс шаралары белгіленсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 13.11.2014 № 25 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйке ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы: |
Н.Б. Алипбаев |