Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 18 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 қарашада № 4081 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына және Тоқмансай ауылдық округі, Тоқмансай ауылы Қазақ көшесі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Тоқмансай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тоқмансай ауылдық округі Тоқмансай ауылының Қазақ көшесі Төлеу Жаманбаев көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тоқмансай ауылдық округі әкімі Н.К. Жалашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады