Байғанин ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 58 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 наурызда № 3828 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 20 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 27.01.2015 № 20 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi № 544 «Сауда қызметiн реттеу туралы» Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 сәуiрдегi № 371 «Iшкi сауда Ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес Байғанин ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Байғанин ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы орындар қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Ерғалиевке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi Н.Б.Аққұл

  Аудан әкiмдiгiнiң
"24" ақпан 2014 жылғы
№ 58 қаулысына қосымша

Байғанин ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы орындар



Ауыл
атауы

Сауда орындары

Қарауылкелді ауылдық округi

1
Қарауылкелді
Барақ батыр көшесi (аудандық Мәдениет үйінің қасында)
2
Қарауылкелді
Асау батыр көшесі (Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы парктің қасында)
3
Қосарал
Шанақ көшесi («Дана» дүкенінің жанында)
4
Көкбұлақ
Орталық көшесі (ауылдық клубтың қасында)
5
Қазақстан
Орталық көшесі (ауылдық медициналық пункттің жанында)

Көлтабан ауылдық округi

6
Жарлы
Ардагерлер көшесі (ауылдық Мәдениет үйінің жанында)
7
Қораши
Қарабұлақ көшесі (ауылдық клубтың жанында)
8
Жыңғылдытоғай
Наркеткен көшесі (ауылдық медициналық пункттің жанында)

Ащы ауылдық округi

9
Ноғайты
Орталық көшесi № 9 үй (ауылдық клубтың қасында)

Қопа ауылдық округi

10
Ебейті
Жеңіс көшесi ("Сағын" дүкенінің қасында)
11
Қопа
Ақтан көшесі (№ 19 үйдің қасында)
12
Айрық
Айрық көшесі (ауылдық кітапхана қасында)
13
Көптоғай
Көптоғай көшесі (№4 үйдің қасында)

Миялы ауылдық округi

14
Миялы
Орталық көшесi (№ 9 үйдің қасында)
15
Дияр
Мектеп көшесі (№ 1 үйдің қасында)

Жаңажол селолық округi

16
Оймауыт
Мәдениет көшесі (ауылдық Мәдениет үйінің жанында )

Сартоғай ауылдық округi

17
Алтай батыр
Бұлақ көшесi («Асылтас» дүкенiнiң қасында)
18
Баршақұм
Жағалау көшесі ( ауылдық клубтың қасында)
19
Шұқырши
Сарыөзек көшесі (ауылдық медициналық пункттің жанында)

Жарқамыс ауылдық округi

20
Жарқамыс
Орталық көшесі ("Наурызбек" дүкенінің жанында)
21
Қаражар
Орталық көшесі ("Нұрсұлтан" дүкенінің жанында)
22
Ақтам
Ақжар көшесі (№ 3 үйдің қасында)

Қызылбұлақ ауылдық округi

23
Кемерши
Орталық көшесі («Көркем» дүкенiнiң қасында)
24
Бұлақтыкөл
Орталық көшесі ( ауылдық клубтың қасында)
25
Жаңатаң
Жағалау көшесі ( ауылдық клубтың қасында)

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады