Көлтабан селолық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 10 "Көлтабан селолық округінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 14 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 4125 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Көлтабан ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Көлтабан селолық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қарашада № 10 «Көлтабан селолық округінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-134 тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашадағы «Жем-Сағыз» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «Көлтабан ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы»;
      шешімнің мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селосына» сөздері тиісінше «ауылдық», «ауылына» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Көлтабан ауылдық округі әкімі

С.Бітімбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады