Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 34 «Қарауылкелді ауылдық округінің Қарауылкелді, Қазақстан, Қосарал және Көкбұлақ елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-147 санымен тіркелген, 2012 жылғы 17 мамырда «Жем-Сағыз» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі мәтінінде «селосының», «елді мекеніне» сөздері «ауылының» сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша «аульного», «аула» сөздері тиісінше «сельского», «села» сөздерімен ауыстырылсын.
2.
Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі |
Е.Калиев |