Қарауылкелді ауылдық округінің Қарауылкелді, Қазақстан, Қосарал және Көкбұлақ елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 34 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 сәуірде № 3-4-147 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтін бойынша "селосының", "елді мекеніне" деген сөздер "ауылының" деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 17.11.2014 № 161 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына сәйкес және Қарауылкелді ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, округ әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарауылкелді ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Қарауылкелді ауылының:
      № 1 Көшесіне - 1 Май тұйығы;
      № 2 Көшесіне - Мәншүк Мәметова
      № 3 Көшесіне - Әлия Молдағұлова
      № 4 Көшесіне - Жұбан Айжарықов
      № 5 Көшесіне - Тобық Жармағанбетов
      № 6 Көшесіне - Қожабай Жазықов
      № 7 Көшесіне - Әшім Төленов
      № 8 Көшесіне - Құрылысшылар
      № 9 Көшесіне - Құрылыс учаскесі
      № 10 Көшесіне - Барақ батыр
      № 11 Көшесіне - Дінмұханбет Қонаев
      № 12 Көшесіне - Құрманғазы
      № 13 Көшесіне - Сағи Жиенбаев
      № 14 Көшесіне - Дәуіт батыр
      № 15 Көшесіне - Табын Бөкенбай батыр
      № 16 Көшесіне - Жағалау
      № 17 Көшесіне - Асау батыр
      № 18 Көшесіне - Абай
      № 19 Көшесіне - С.Ешбаев
      № 20 Көшесіне - Аэропорт
      № 21 Көшесіне - Қазақстан
      № 22 Көшесіне - Бармақ батыр
      № 23 Көшесіне - Кәрім Ержанов
      № 24 Көшесіне - Шығыс
      № 25 Көшесіне - Солтүстік-1
      № 26 Көшесіне - Солтүстік-2
      № 27 Көшесіне - Солтүстік-3
      № 28 Көшесіне - Солтүстік-4
      № 29 Көшесіне - Абай тұйығы
      2) Қазақстан ауылының
      № 1 Көшесіне - Баршақұм
      № 2 Көшесіне - Ақшат
      3) Қосарал ауылының:
      № 1 Көшесіне - Шанақ
      № 2 Көшесіне - Болашақ
      № 3 Көшесіне - Жаңа құрылыс
      4) Көкбұлақ ауылының:
      № 1 Көшесіне - Шилі Аша
      № 2 Көшесіне - Ақбұлақ
      № 3 Көшесіне - Сартөбе
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қарауылкелді ауылдық округі
      әкімі:

Е.Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады