Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 107 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 маусымда № 3948 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 13.01.2016 № 12 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 және 238 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Қызбергеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. ДУАНБЕКОВ
      "КЕЛІСІЛДІ"
Ырғыз аудандық мәслихатының
хатшысы К. ҚОСАЯҚОВ

26 мамыр 2014 жыл.

  Ырғыз ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 28 мамырдағы
№ 107 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі


Лауазым атаулары
Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1
жұмыспен қамту орталығының директоры;
2
жұмыспен қамту орталығының маманы;
3
әлеуметтік қызметкер.
Білім беру мамандарының лауазымдары:
1
білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдер;
2
мектеп директоры;
3
мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
4
интернат меңгерушісі;
5
директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
6
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
7
директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары;
8
шеберхана меңгерушісі;
9
алғашқы әскери даярлық жетекшісі, оқытушы ұйымдастырушы;
10
лагерь басшысы;
11
аға әдіскер, әдіскер;
12
кітапхана меңгерушісі;
13
кітапханашы;
14
педагог-психолог;
15
әлеуметтік педагог;
16
ұйымдастырушы педагог;
17
қосымша білім педагогы;
18
дефектолог;
19
аға тәрбиеші, тәрбиеші;
20
аға шебер, өндірістік оқыту шебері;
21
музыкалық жетекші;
22
дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
23
еңбек жөніндегі нұсқаушы;
24
медициналық бике;
25
емдәмбике;
26
аға тәлімгер, тәлімгер;
27
хореограф;
28
зертханашы;
29
көркемдік жетекші;
30
суретші;
31
кабинет меңгерушісі;
32
қосымша білім беру ұйымының директоры.

      

Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1
ұйымның басшысы;
2
көркемдік жетекші;
3
әдіскер;
4
бөлім меңгерушісі;
5
суретші;
6
аккомпаниатор;
7
режиссер;
8
фольклор жетекшісі;
9
мәдени ұйымдастырушы;
10
хореограф;
11
кітапханашы;
12
мәдени демалыс қызметінің ұйымдастырушысы;
13
библиограф;
14
редактор;
15
музыкалық жетекші;
16
дыбыс режиссері;
17
үйірме жетекшісі.
Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1
ұйым басшысы;
2
мал дәрігері;
3
мал дәрігерлік пункт меңгерушісі;
4
ветеринарлық фельдшер.
Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1
бас дәрігер;
2
бас дәрігердің орынбасарлары;
3
емхана, бөлімше, кабинетғ дәріхана меңгерушілері;
4
барлық мамандықтағы дәрігерлер;
5
барлық мамандықтағы орта медициналық қызметкерлер;
6
әлеуметтік қызметкерлер.
Спорт мамандарының лауазымдары:
1
директор;
2
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
3
әдіскер;
4
спорт нұсқаушысы;
5
жаттықтырушы оқытушы.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады