Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 12 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" № 213 Заңының 21-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ырғыз ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. ДУАНБЕКОВ

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 12 қаулысына қосымша

Аудан әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының
Т І З Б Е С І

      1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 4 "2015 жылға Ырғыз ауданы бойынша ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемін және нақты жағдайларын бекіту туралы" қаулысы. (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 02 ақпанда № 4190 ретпен тіркелген).
      2. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 33 "Ырғыз ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен Тәртібін бекіту туралы" қаулысы. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 10 сәуірде № 4301 ретпен тіркелген).
      3. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 38 "2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру туралы" қаулысы. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 31 наурызда № 4270 ретпен тіркелген).
      4. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 78 "Ырғыз ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата – аналардың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысы. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 22 шілдеде № 4372 ретпен тіркелген).
      5. Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 107 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысы. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 16 маусымда № 3948 ретпен тіркелген).
      6. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 138 "Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысы. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 9 қазанда № 4536 ретпен тіркелген).
      7. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 164 "Ырғыз ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата – аналардың ақы төлеу меөлшерін бекіту туралы" қаулысы. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 30 қарашада № 4615 ретпен тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады