Сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 189 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 тамызда № 4012 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Ырғыз ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бiрлесе отырып (келiсiмi бойынша), сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыратын орындардың тiзбесi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы А.Туртаевқа жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. ДУАНБЕКОВ
      Келісілді:
Ырғыз аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
Ж. ӘУЕСОВ

  Ырғыз ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыз № 189 қаулысымен бекітілген

Ырғыз ауданы бойынша кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 30.04.2019 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

р/с

Ауылдық округтердің атауы

Елдi мекен атауы

Үгiттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

1

Ырғыз ауылдық округі

Ырғыз

"Ырғыз аудандық почта байланыс торабы" АҚ ғимаратының алдындағы – тақта, Ыбырай Алтынсарин №12

2

Ырғыз ауылдық округі

Ырғыз

"Мария" дүкені жанындағы – тақта, Темірбек Жургенов көшесі №73

3

Ырғыз ауылдық округі

Ақши

Ақши ауылдық клуб ғимаратының жанындағы – тақта, Жолболсын Шайқақов көшесі №17

4

Ырғыз ауылдық округі

Қалыбай

"Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қалыбай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы - тақта, Мейірхан Жүсіпов көшесі №1

5

Аманкөл ауылдық округі

Құтикөл

Құтикөл ауылдық клуб ғимаратының алдындағы – тақта, Есен Игібаев көшесі №39

6

Аманкөл ауылдық округі

Аманкөл

Аманкөл ауылдық клуб ғимаратының алдындағы – тақта, Тел Жаманмұрынов көшесі №4

7

Аманкөл ауылдық округі

Жарма

"Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нарқызыл негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы – тақта, Төлеу Манасов көшесі №32

8

Қызылжар ауылдық округі

Құрылыс

Қызылжар дәрігерлік амбулаториясының ғимаратының алдындағы – тақта, Лайық Шоқпаров көшесі №6

9

Қызылжар ауылдық округі

Шеңбертал

"Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Шаттық" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алдындағы – тақта, Саймағанбет Сәдірбаев көшесі №15

10

Қызылжар ауылдық округі

Жаныс би

"Тепсең" медициналық пунктінің ғимаратының алдындағы – тақта, Достық көшесі №41

11

Құмтоғай ауылдық округі

Құмтоғай

Құмтоғай дәрігерлік амбулаториясының ғимаратының алдындағы – тақта, Өтеу Құдайбергенов көшесі №1

12

Құмтоғай ауылдық округі

Қарасай

Қарасай фельдшерлік амбулаториялық пункт ғимаратының алдындағы – тақта, Дауренбек Сарин көшесі №1

13

Құмтоғай ауылдық округі

Қарақұдық

Қарақұдық фельдшерлік пункт ғимаратының алдындағы – тақта, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі №12

14

Нұра ауылдық округі

Нұра

Нұра ауылдық клуб ғимаратының алдындағы – тақта, Темірбек Жүргенов көшесі №57

15

Нұра ауылдық округі

Мамыр

Мамыр ауылдық клуб ғимаратының алдындағы – тақта, Әбу бақсы көшесі №32

16

Нұра ауылдық округі

Белшер

Белшер ауылдық клуб ғимаратының алдындағы – тақта, Серік Сатанов көшесі №19

17

Нұра ауылдық округі

Дүкен

"Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дүкен негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы – тақта, Күркебай Рспанбетов көшесі №16

18

Тәуіп ауылдық округі

Құйлыс

"Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балбөбек" бөбекжай - бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алдындағы – тақта, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі №1

19

Жайсаңбай ауылдық округі

Жайсаңбай

Жайсаңбай медициналық пункт ғимаратының жанындағы – тақта, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл көшесі №6

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады