Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданының Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 мамырда № 3891 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 08 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің 25.12.2014 № 08 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн – өзi басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қобда аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 23 сәуірдегі ұсынысының негiзiнде Сарбұлақ ауылдық округiнiң әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сарбұлақ ауылдық округiнің Сарбұлақ ауылы аумағында ірі мүйізді мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруының ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгiленсiн.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күні қолданысқа енгiзiледi.

      Ауылдық округ әкiмiЕ. Утегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады