Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшiн қоғамдық жұмыстардың түрлерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 4 тамыздағы № 264 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 тамызда № 3996 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімдігінің 26.01.2015 № 10 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімдігінің 26.01.2015 № 10 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42 бабына сәйкес, Мәртөк ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшiн қоғамдық жұмыстардың түрлерi, қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Күзембаеваға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкiмi

М. Елеусізов


Мәртөк ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 04 тамыздағы № 264 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшiн қоғамдық жұмыстардың түрлерi

      1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау;
      2. Аумақты мұздан тазалау;
      3. Аумақты қардан тазалау;
      4. Аумақты қоқыстан тазалау;
      5. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалау;
      6. Аумақты арамшөптен тазалау;
      7. Қоқысты жинау және шығару;
      8. Бұтақтарды кесу;
      9. Ағаштарды кесу;
      10. Ағаштарды әктеу;
      11. Ағаштарды отырғызу;
      12. Шөп шабу;
      13. Ғимараттарды әктеу;
      14. Ғимараттарды бояу және өзге де жөндеу жұмыстары.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады