Мәртөк аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 102 "Әлеуметтік көмек көрсетудің және Мәртөк ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 154 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қаңтарда № 4167 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 66 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 10.03.2017 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәртөк аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 102 "Әлеуметтік көмек көрсетудің және Мәртөк ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3745, 2014 жылғы 6 ақпанда "Мәртөк тынысы" газетінің № 7-9 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалары келесі мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Табыстарын есепке алмай ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілігіне айына 8000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде;
      2) әлеуметтік маңызы бар аурулармен (онкологиялық ауруы, адамның иммунитет тапшылығы вирусы және туберкулездің түрлі нысандары) ауыратын азаматтар – медициналық мекемелердің берілген тізімдері бойынша, жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрағасы Ә. Әлмұхамбетов
      Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы А. Исмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады