Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 66 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 09 сәуірде № 3838 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 42 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 30.01.2015 № 42 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Назаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданылады.

      Аудан әкімі С. Шаңғұтов

  Мұғалжар ауданы әкімдігінің
  2014 жылғы 28 ақпандағы
  № 66 қаулысына
  ҚОСЫМША

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері

      1. Тұрмыстық қоқыстарды жинау.
      2. Аумақты мұздан тазалау.
      3. Аумақты қардан тазалау.
      4. Аумақты қоқыстан тазалау.
      5. Аумақты тұрмыстық қоқыстан тазалау.
      6. Аумақты арамшөптен тазалау.
      7. Қоқысты жинау және шығару.
      8. Бұтақтарды кесу.
      9. Ағаштарды кесу.
      10. Ағаштарды әктеу.
      11. Ағаштарды отырғызу.
      12. Гүл клумбаларын сиректету.
      13. Көгалды қолмен қазу.
      14. Шөп шабу.
      15. Ғимараттарды әктеу.
      16. Ғимараттарды бояу және өзге де жөндеу жұмыстары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады