Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, сәйкес Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Жұрын ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі №30 «Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің Жұрын ауылындағы атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-9-150 тіркелген, 2011 жылғы 26 қазанда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«О присвоении наименований безымянным улицам в селе Журын Журынского сельского округа Мугалжарского района»;
орыс тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «аульного», «аула» сөздері тиісінше «сельского», «села» сөздерімен ауыстырылсын.
2.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жұрын ауылдық округінің әкімі |
Т.Абдірзақ |