Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің Жұрын ауылындағы атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 30 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қазанда № 3-9-150 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 05.12.2014 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі бүкіл мәтіні бойынша "аульного", "аула" сөздері тиісінше "сельского", "села" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 05.12.2014 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және Жұрын ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 15.03.2017 № 8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Жұрын ауылындағы атаусыз көшелеріне Абай Құнанбаев, Ахмет Жұбанов, Мир және тұйық көшелеріне Клуб, Диірмен атаулары берілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 09.02.2015 № 8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жұрын ауылдық округінің әкімі Т.Абдірзақ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады