Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласы әкімінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 25 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 қыркүйекте № 4021 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласының әкімінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 38 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласының әкімінің 11.11.2015 № 38 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 11 тамыздағы № 14-01/145 ұсынысы негізінде Темір қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Темір қаласына қарасты Жамбыл ауылы аумағында ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланыстиы, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күні қолданысқа енгізіледі.
      Темір қаласының әкімі М.ӘКІМОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады