1. Темір қаласына қарасты Жамбыл ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлы іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Темір қаласы әкімінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 25 "Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (номативтік құқықтық актілерді мемлекеттіктіркеу тізілімінде № 4021 тіркелген, 2014 жылғы 19 қыркүйек "Темір" газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 15 қыркүйек айында ресм жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Темір қаласы әкімінің аппаратының бас маманы Р. Абдрахмановаға жүктелсін.
Темір қаласы әкімі | М.С.Әкімов |