Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 2 "Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 1 "Шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 наурызда № 5331 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Құдықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 2 "Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 1 "Шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4056 тіркелген, 2014 жылдың 13 қарашасында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Құдықсай ауылдық округінің әкімі Н.Изтлеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады