Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 239 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 09 желтоқсанда № 4092 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 98 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 15.05.2017 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде үй-жайды пайдаланғаны үшін ай сайынғы жалдау ақы мөлшері 1шаршы метрге жалдау ақысынан есеп айырысудан шығып, 1 және 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Е. Шотанов

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 239 қаулысына № 1 қосымша

Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілген үйдегі үй-жайды пайдаланғаны үшін белгіленген ай сайынғы жалдау ақы мөлшері (2 пәтерлі тұрғын үйлерде)

      Мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғаны үшін алынатын жалдау ақы есебінде келесі көрсеткіштер қолданылады:

      2013 жылы салынған 1 пәтердің сметалық құны - 5563600 тг.

      Ц-2013 жылы салынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны - 79480 тг.

      Е-2013 жылы салынған тұрғын үйдің жалпы аумағы -70,0 ш.м.

      Т-2013 жылы салынған тұрғын үйдің есептік пайдалану мерзімі - 100 жыл

      Г - 2013 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылғ 1 шаршы метрін

      пайдаланудың, күрделі және ағымдағы жөндеудің шығын сомасы - 0 тг.

      Р - тұрғын үйді күтіп ұстауға қажетті төлемдер

      сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге)

      А-үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері

      (1 айға 1 шаршы метр үшін теңге );

      Есептеу формуласы:

      2013 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:

      Р=Г:12:Е

      Р=0:12:70=0 тг

      А=Ц:Т:12+Р

      А=79480:100 :12 +0 =66,23 тг

      1 айға 1 шаршы метрінің жалдау ақысының мөлшері – 66,23 теңге.

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 239 қаулысына № 2 қосымша

Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілген үйдегі үй-жайды пайдаланғаны үшін белгіленген ай сайынғы жалдау ақы мөлшері (1 пәтерлі тұрғын үйде)

      Мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғаны үшін алынатын жалдау ақы есебінде келесі көрсеткіштер қолданылады:

      2013 жылы салынған 1 пәтердің сметалық құны - 7621922 тг.

      Ц-2013 жылы салынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны - 79893 тг.

      Е-2013 жылы салынған тұрғын үйдің жалпы аумағы -95,4 ш.м.

      Т-2013 жылы салынған тұрғын үйдің есептік пайдалану мерзімі - 100 жыл

      Г - 2013 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылғ 1 шаршы метрін

      пайдаланудың, күрделі және ағымдағы жөндеудің шығын сомасы - 0 тг.

      Р - тұрғын үйді күтіп ұстауға қажетті төлемдер

      сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге)

      А-үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері

      (1 айға 1 шаршы метр үшін теңге );

      Есептеу формуласы:

      2013 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:

      Р=Г:12:Е

      Р=0:12:95,4=0 тг

      А=Ц:Т:12+Р

      А=79893:100 :12 +0 =67 тг

      1 айға 1 шаршы метрінің жалдау ақысының мөлшері – 67 теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады