Алматы облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2014 жылғы 29 мамырдағы № 32-195 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 10 маусымда № 2742 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы облысының теміржол көлігі саласындағы әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жүргізу жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін (келісім бойынша).
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Е. Миразов

      Облыстық
      мәслихаттың хатшысы                        Е. Келемсеиіт

Мәслихаттың
2014 жылғы 29 мамырдағы
№ 32-195 шешімімен бекітілген

Алматы облысының теміржол көлігі саласындағы әлеуметтік мәні
бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы
жолаушылар қатынасының тізбесі

Қатынас

1

Талдықорған-Жетісу-Талдықорған

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады