"Субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және нормаларын белгілеу туралы" облыс әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 278 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 401 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 09 желтоқсанда № 2957 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 378 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 25.08.2015 № 378 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қағидаларының 8–тармағының 1) тармақшасына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі "Субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және нормаларын белгілеу туралы" № 278 қаулысына (2014 жылғы 12 тамызда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2803 тіркелген және 2014 жылғы 14 тамызда № 94 "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 112, 113, 114, 115, 116 жолдармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбекұлы Досымбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Баталов

  "Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі "Субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және нормаларын белгілеу туралы № 278 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" облыс әкімдігінің 2014 жылғы "18" қарашадағы № 401 қаулысына қосымша

112
Акцент Прима, 96 %
эмульсия концентраты (метолахлор, 960 г/л)
литр
49
1470
113
Балерина, суспензия эмульсия (күрделі 2-этилгексил эфирі түріндегі 2,4 – Д қышқылы, 410 г/л)
литр
29
949,6
114
Тапир, 10 %
сулы концентраты (имазетапир 100 г/л)
литр
29
870
115
Торнадо 500,
су ерітіндісі
(глифосат, 500 г/л)
литр
29
509,67
116
Рамон Супер
эмульсия концентраты (104 г/л галоксифоп-Р-метил )
литр
29
1015

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады