"Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қаңтарда № 10144 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9242 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 31.03.2014 ж., "Егемен Қазақстан" 14.10.2014 ж. № 200 (28423) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ережеде:
      4-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      «Комиссияның құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады (кемінде бес адамнан).
      Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады.
      Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті және ғылыми дәрежесі немесе осы ғылым саласында кемінде 5 жыл ғылыми және сарапшылық өтілі бар Сот сараптамасы орталығының өкілдері енгізіледі.
      Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі.»;
      16-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      «16. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны беруді немесе беруден бас тартуды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті жүргізеді.».
      2. Осы бұйрықтын орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Имашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады