Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсу ауданы Қарашілік ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 1 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 14 шілдеде № 2771 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ақсу аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 70 ұсынысы негізінде, Қарашілік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қарашілік ауылдық округінің Сағабүйен ауылына ұсақ мүйізді малдар арасында жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                Ы. Садуақасов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасының
      Ауылшаруашылығы министрлігінің
      ветеринарлық бақылау және
      қадағалау комитетінің Ақсу
      аудандық аумақтық инспекциясы
      мемлекеттік мекемесінің басшысы"           Келгенбаев Мұрат Дауылбайұлы
      "12" маусым 2014 ж

      "Ақсу аудандық тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау басқармасының
      басшысы"                                   Темірханов Берік Елемесұлы
      "12" маусым 2014 ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады