Балқаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы "Балқаш аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 29-122 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 02 маусымдағы № 34-143 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 18 маусымда № 2750 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Балқаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы "Балқаш аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 29-122 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 26 наурызда № 2637 тіркелген, 2014 жылғы 29 наурызда аудандық "Балқаш өңірі" газетінің № 14(7494) 12 сәуірде, № 15(7495) 19 сәуір 2014 жылы жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      33-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Облыстың тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Марат Нұрманұлы Қашқынбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ғ. Әбдіқұлов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    М. Қамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады