Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 тамыздағы N 34-140 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 20 тамызда N 2832 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 қазандағы № 36-152 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 14.10.2014 № 36-152 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратал ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Қаратал аудандық мәслихатының 2013 жылдың 24 қыркүйектегі № 22-96 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2013 жылға әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылдың 18 қазанында № 2456 тіркелген, аудандық "Қаратал" газетінде 2013 жылдың 1 қарашасында № 43 (7255) жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтану, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       С. Дәркенбаева

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Б. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қаратал ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Серік Жапарұлы Амандосов
      "05" 08 2014ж

      "Қаратал ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Жұмағалы Нұралыұлы Байкенже
      "05" 08 2014ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады