"Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 316 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 03 қазанда № 2863 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 30.06.2016 № 223 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көксу ауданының жолаушылар "көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дәулет Кенжеханұлы Халеловке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Тоқпейісов

  Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "28" тамыздағы № 316 "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысына қосымша

"Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауданның автомобиль жолдары және жол қызметі аясындағы мемлекеттік саясатты іске асыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6 "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 041200, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, № 38.

      10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметiн каржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнен жүзеге асырылады.

      13. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жолаушылар көлігі, байланыс пен автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласында аудандық деңгейде бірыңғай саясат жүргізеді және үйлестіру, реттеу, бақылау бойынша жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады.

      15. Мiндеттерi:

      1) көліктің барлық түрімен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру;

      2) аудандық деңгейдегі жолдардың құрылысы, жөнделуі және ұсталуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

      16. Функциялары:

      1) өзінің өкілеттігі шеңберінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары дамуының басым бағдарламаларын жүзеге асыру;

      2) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайын талдау мен болжамдар жасауға, "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша инвестициялық бағдарламалар жасауға қатысу;

      3) "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің отырыстарына материалдар даярлауға қатысу;

      4) жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық, ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткізеді, маршруттар бойынша жүру кестелерін бекітеді;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол қызметін қаржыландыруға арналған қаржыны пайдаланудың тәртібін анықтау және олардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының құрылысы, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру.

      Көлік инфрақұрылымын дамыту саласында мемлекеттік сатып алудың ортақ ұйымдастырушысы болып, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      7) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары торабын басқару;

      8) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды жүргізу барысында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      9) жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық, ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;

      10) аудан аумағындағы елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру;

      11) ауданның коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

      12) өз құзіреті шегінде ауданның коммуналдық меншігіндегі мүліктерге иелік етуге, пайдалануға және билік жүргізу;

      13) көлік және жол шаруашылығының дамуын жақсарту бойынша ұсыныстар мен шешімдер дайындауға қатысу;

      14) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру;

      15) алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдауды ұйымдастыру;

      16) ауылдық, ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;

      17. Құқықтары мен мiндеттерi:

      1) жергілікті атқарушы органдардан, комитеттер мен басқармалардан,ведомстволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардан "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;

      2) міндеттерді жүзеге асыруға байланысты шешімін табу облыстық және республикалық деңгейде қамтамасыз етілетін ұсыныстарды жоғары тұрған органдардың қарауына енгізуге;

      3) аудан әкіміне және аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге;

      4) заңнамаға сәйкес "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      18. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      19. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысының орынбасарлары жоқ.

      21. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысының өкілеттігі:

      1) "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіліктердің бөлінісін жүзеге асырады;

      3) "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне заңнамаларда белгіленген тәртіппен көтермелеу қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      4) "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      5) заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдар алдында "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

      6) "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-әрекеттерге шара қолданады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауап береді;

      7) заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      23. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

      "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      24. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Көксу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады