Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 04.12.2019 № 55-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Көксу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу аудандық мәслихатының "Заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ш. Гусенов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Ә. Досымбеков |