Көксу ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 55-6 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 6 желтоқсанда № 5315 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көксу ауданы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2014 жылғы 15 қазандағы № 35-4 (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2911 тіркелген, 2015 жылдың 10 желтоқсанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы" 2014 жылғы 15 қазандағы № 35-5 (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2910 тіркелген, 2015 жылдың 10 желтоқсанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Осы шешімнің орындауын бақылау Көксу ауданы мәслихаты аппаратының басшысы Кожабергенова Айдара Кожабековичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көксу ауданы мәслихатының
      сессия төрағасы И. Кан
      Көксу ауданы мәслихатының
      хатшысы А. Досымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады