"Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 357 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 21 қарашада № 2923 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 30.06.2016 № 223 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дәулет Кенжаханұлы Халеловке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Тоқпейісов

  Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "20" қазандағы "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 357 қаулысына қосымша

" Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі, экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру, дамыту және ауданды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041200, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, № 40.

      10. органның толық атауы - "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту және ауданды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер.

      15. Міндеттері:

      1) ауданды дамыту бағдарламасын әзірлеу;

      2) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жыл сайынғы әзірлеу;

      3) ауданның бюджетін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жоспарлы кезеңге әзірлеу.

      16. Функциялары:

      1) ауданды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау;

      2) ауданды дамыту бағдарламасын мониторингтеуді жүргізу;

      3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын дайындау және нақтылау;

      4) жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып болжау;

      5) аудан бюджетін бекіту және нақтылау жобаларын дайындап, ауданның бюджет комиссиясының қарауына жіберу;

      6) аудандық бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігінің қаулысының жобасын дайындау;

      7) бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарау;

      8) ауданның бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытындыларын бюджет комиссиясының қарауына жіберу және қалыптастыру;

      9) мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер беруді және мамандардың әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыру;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды алуға және сұратуға;

      2) жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды меншіктің аумақтық мониторингі затына жататын нысандардың мониторингін және талдау ақпараттарын тікелей зерттеуде сараптама және кеңес беру үшін тартуға;

      3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.

3. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      21. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіктерді бөлуді жүзеге асырады;

      2) заңнамаға сәйкес "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;

      4) "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері міндетті түрде орындау үшін бұйырықтар шығарады;

      5) "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылған шараларға жауапты болады;

      6) заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

      7) "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырындағы сұрақтар бойынша есептік баяндамаларды дайындайды;

      8) "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржылық қаражаттарын, мүлкін басқарады, банк мекемелерінде есеп-шоттарды ашады және жабады, олар бойынша қаржылық операциялар жүргізуді жүзеге асырады, қаржылық құжаттарға қол қояды, қаржылық және есептілік тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;

      9) өз құзіреті шегінде заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар мен ведомстволар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады