РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы "Панфилов аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 5-26-186 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 20 наурызда № 2620 тіркелген, 2014 жылы 12 сәуірде аудандық "Жаркент өңірі" газетінің № 16(8702) жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
33-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Облыстың тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі Дәулеткелді Нұрахметұлы Наймантаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Абилов Ж. |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | Т. Оспанов |