Панфилов аудандық мәслихаттың қабылдаған кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6-7-54 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Панфилов аудандық мәслихаттың:
      1) 2014 жылғы 10 ақпандағы "Панфилов аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (2014 жылғы 20 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 2620 болып енгізілген, 2014 жылғы 12 сәуірде аудандық "Жаркент өңірі" газетінің № 16 нөміріне жарияланған) № 5-26-186 шешімі;
      2) 2014 жылғы 30 мамырдағы "Панфилов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы "Панфилов аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы № 5-26-186 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (2014 жылдың 13 маусымында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 2749 болып енгізілген, аудандық "Жаркент өңірі" газетінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 27) № 5-32-217 шешімі;
      3) 2015 жылғы 16 маусымдағы "Панфилов аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы (2015 жылдың 16 маусымында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 3223 болып енгізілген, аудандық "Жаркент өңірі" газетінің 2015 жылғы 6 шілдесіндегі № 28) № 5-48-331 шешімі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Ходжамбердиев
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы Е. Нұрахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады