РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі-Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ернар Әнуарұлы Махатовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Төреханов |
Панфилов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № 932 қаулысына қосымша |
"Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі 1. Жалпы ережелер
1. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, № 131 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
12. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2."Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен
міндеттері
13. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Панфилов ауданы аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу.14. Міндеттері:
1) Панфилов ауданының бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын іске асыру;
2) құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтар, қайта бейімдеу) реконструкциялау, қалпына келтіру және құрылысты күрделі жөндеу, ғимараттар, инженерлік және көлік коммуникациялар туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау жөнінде және абаттандыру, көгалдандыру, құрылысты (объектілерді) консервациялау, объектілерді кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
3) қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және аудан құрылысын іске асыру.
15. Функциялары:
1) аудандық коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік - мәдени мақсаттағы объектілердің құрылыстары, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
2) құрылыс-монтаждық жұмыстарды жобалауға, құрылысқа арналған құжаттарды дайындайды және конкурстарды өткізеді;
3) ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын ұйымдастырады;
4) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын ұйымдастырады;
5) жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің арнайы трансферттері есебінен салынатын объектілердің құрылысына, реконсрукциялануына техникалық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік қаражаттарды жоспарлауға және бөлуге қатысуға, жобалау-іздестіру жұмыстары, әлеуметтік-мәдени, коммуналдық мақсаттағы объектілердің құрылысына және ипотекалық несиелендіру қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысына арналған аудан бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныс енгізуге;
2) құрылыстың келешекті жоспарларын әзірлеуге, құрылыс бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға;
3) төтенше жағдайларды ескерту және коммуналдық меншік объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша органдарымен бірге әзірленген іс-шаралар барысына бақылауды жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізуге;
5) құзыретіне сәйкес қабылдауға болжамдаған нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді дайындауды, әзірлеуді жоспарлауға;
6) әзірлеуші "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылатын Панфилов ауданы әкімдігімен бұрын қабылданған құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуына және қолдану өзектілігіне тексеріс жүргізуге;
7) көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына, оның ішінде бюджет қаражаттарының игерілуіне тұрақты бақылауды және мониторингін қамтамасыз етуге;
8) шарттық жұмысты тұрақты жетілдіруге;
9) "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, Панфилов ауданының әкімі және әкімдігінің атына келтірілген прокурорлық ден қою актілерін қарауға, егер тиесілі мәселе "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кірсе, оларға жауап ұсынуға, сондай-ақ оларға мониторинг және талдау жүргізуге, қорытындысы бойынша алда мұндай бұзушылықтарды болдырмау үшін аудан әкіміне ұсыныс енгізуге; 10) Панфилов ауданы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуы үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға;
11) мердігерлік ұйымдармен шарттық міндеттердің сапалы және уақытында орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге, олар тиісті орындалмаған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шараларды қабылдауға;
12) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, меншік нысанына қарамастан лауазымды тұлғалардан "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген қызметтерді және міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды сұратуға және қабылдауға;
13) "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген қызметтерге және міндеттерге сәйкес өткізілетін іс-шараларды басқа мекемелердің және ұйымдардың қызметкерлерін, олардың басшыларының келісімімен жүзеге асыруға тарту туралы ұсыныс енгізуге;
3."Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру
17. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.18. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Панфилов ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне орындау үшін міндетті өз құзыреті шегінде бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады және нұсқаулар береді;
2) қолданыстағы заңнамаға және штаттық кестеге сәйкес "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олардың сақталуына жауапты болады;
5) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетуді, көтермелеуді жүзеге асырады;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілі болады;
7) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
8) "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесімен шығарылған бұйрықтарға қол қояды.
"Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4."Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
20. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.