Талғар ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2014-2016 жылдарға белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 33-186 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 06 тамызда № 2794 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6-30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 20.07.2016 № 6-30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызметін Талғар ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2014-2016 жылдарға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Р.Босқынбаев
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Д.Теберіков
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Талғар ауданы бойынша
      салық басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Құралбаев Қанат Сыбанбайұлы

  Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 30 маусымдағы "Талғар ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2014-2016 жылдарға белгілеу туралы" 33-186 шешіміне қосымша

Қызметін Талғар ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2014-2016 жылдарға

Рет

Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
 
11
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
17
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
2
4
Ойын жолы
20
5
Карт
11
6
Бильярд үстелі
6

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады